Йемендік 15 жасар қызын тірідей өртеп жіберген

Фотография - Йемендік 15 жасар қызын тірідей өртеп жіберген

«Иеменде қарақан басының абыройын алға тартып, кісі өлтіру мәселесі күрделі күйінде қалып отыр. Өйткені, бұл ел тайпалық санамен тәрбиеленіп, кенжелеп қалған»,- дейді құқыққорғаушы Ахмет әл-Куреши OnIslam.net ақпарат көзіне берген сұхбатында.

117 0

Иемен мұсылман мемлекеті бола тұра қайшылық пен кереғарлықтан зардап шегіп отыр. Тарқатып айтсақ, рулық-тайпалық сана үстемдік құрған осынау шағын елде асыл дініміздің құндылықтары тасада қалып келеді. Яғни, халықтың дені өз тайпаларының салт-дәстүрін Исламнан жоғары қоятын кездері аз емес. Мұның арты, әрине, жақсылыққа апара қоймайтыны анық.

«Иеменде қарақан басының абыройын алға тартып, кісі өлтіру мәселесі күрделі күйінде қалып отыр. Өйткені, бұл ел тайпалық санамен тәрбиеленіп, кенжелеп қалған»,- дейді құқыққорғаушы Ахмет әл-Куреши OnIslam.net ақпарат көзіне берген сұхбатында.

«Кісі өлімінің көбісі рулық қатынас пен тайпалық көзқарас адымын аштырмаған ауылдық жерлерде болып жатады»,- деді ол сөзін сабақтап.

Өткен айда Таиз қаласының төңірегіне сыйлы азаматы 15 жастағы қызын өз қолымен өлтіргені үшін тұтқындалды. Артынан белгілі болғандай, некесін қидырған қызының күйеу жігітпен телефон арқылы тілдескені үшін әкесі оны тірідей өртеп жіберген.

Асыл дінімізде адамды бұлай қорлап, азаптап өлтірудің қандай ауыр күнә екені белгілі болғанымен, өкінішке қарай, Иеменде осыған ұқсас қанды оқиғалар жиі болып тұрады. Бірқатар аудандарда тайпа көсемдері халықтың діннен хабары жоқтығын пайдаланып, қылмыс жасаған жергілікті беделі бар азаматтарды орынсыз ақтап, түрлі қитұрқы әрекеттерге баратын көрінеді.


Тегтер:

Арабия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!