Египетте төтенше жағдай жойылды

Фотография - Египетте төтенше жағдай жойылды

Каир соты елде үш айға созылған төтенше жағдай тәртібін жойды. Соттың төтенше жағдай тәртібін жою шешімі болжанған мерзімнен екі күн бұрын жарияланды.

158 0

Каир соты елде үш айға созылған төтенше жағдай тәртібін жойды. Соттың төтенше жағдай тәртібін жою шешімі болжанған мерзімнен екі күн бұрын жарияланды.

Төтенше жағдай тәртібінің жойылғанын АҚШ құптады. Бірақ мемлекеттік департамент өкілі Джен Псаки Египеттегі жағдайға алаңдаушылық білдіріп, Вашингтонның Египетті "барлық азаматтардың құқықтарын құрметтеуге, оның ішінде бейбіт наразылық шерулерін өткізуге рұқсат етуге шақыратынын" айтты.

Египетте төтенше жағдай тәртібі 14 тамыз күні, әскерилердің бұрынғы исламшыл президент Мұхаммед Мурсиді биліктен кетіруіне наразылық акциялары полициямен қақтығыстарға ұласқаннан кейін енгізілген еді. Мурсиді қолдайтын "Мұсылман бауырластар" қозғалысының жақтастары мен полиция арасында болған қақтығыстардан жүздеген адам мерт болған.


Тегтер:

мысыр

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!