755

Аргентиналық табиғат қорғаушы ағашқа үйленді

Аргентинада ер адам табиғатты қорғау үшін ағашқа үйленді. Символикалық үйлену шарасы Буэнос-Айресте өтті.
Фотография - Аргентиналық табиғат қорғаушы ағашқа үйленді

Аргентинада ер адам табиғатты қорғау үшін ағашқа үйленді. Символикалық үйлену шарасы Буэнос-Айресте өтті.

Актер әрі табиғат қорғаушысы өзіне жарды қалалық саябақтағы ағаштардан таңдап алды.

Осылайша, ер адам экологиялық мәселелерге назар аудартпақ болған, деп хабарлады Mignews. Үйлену шарасын көруге ондаған адам келді.

Ағаштың үйленуге келісім бермегеніне қарамастан, бақытты күйеу жігіт осындай акцияларды алда тағы да ұйымдастыратынын жеткізді.