Мексикада қолтырауын гольфшыны жеп қоя жаздады

Фотография - Мексикада қолтырауын гольфшыны жеп қоя жаздады

Мексикада 58 жастағы гольфшы Дуги Томсон сәл болмағанда қолтырауынның жеміне айнала жаздады. Оқиға атышулы Iberostar Cancun гольф-шипажайында орын алған

132 0

Мексикада 58 жастағы гольфшы Дуги Томсон сәл болмағанда қолтырауынның жеміне айнала жаздады. Оқиға атышулы Iberostar Cancun гольф-шипажайында орын алған.

Ақпарат көзінің мәліметінше, рептилия спортшыға ойын кезінде доптарға арналған қақпанның маңында, қалың шілік арасынан шабуыл жасаған. Соққы жасай бергенде, Томсон дәл алдынан үлкен қолтырауынды көрген. Ал, ол шапшаң қимылдап, мұның сандарынан тістеп алып, суға қарай сүйрей бастаған.

«Мен ешбір ауырсынуды сезбедім. Есесіне есеңгіреп қалдым. Қолтырауын үлкен үрлемелі ойыншыққа ұқсап тұрды және маған қадалған қап-қара көздері өңменімнен өтті. Дегенмен, қанша соққыласам да, кірпіш қабырғаны ұрып жатқандай әсерде болдым», - деп еске алады Дуги.

Жыртқыштың шабуылын тойтаруға сол маңдағы гольфшылар атсалысқан. Олар Дугиді сөздің тура мағынасында, қолтырауынның арандай ашылған ауызынан суырып алған - деп хабарлады  baq.kz

Бір қызық жайт, гольф-клубы әкімшілігі қолтырауынның осы маңды мекендейтінінен хабардар болған. Алайда, көлшік маңында ескерту тақтайшасын орнатумен ғана шектелген. Оның өзінде ол белгі таяуда ғана, «суыққандының» АҚШ-тық гольфшының үш саусағын тістеп, жұлып алғанынан кейін ғана орнатылыпты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!