АҚШ Ресейден тікұшақ сатып алудан бас тартты

Фотография - АҚШ Ресейден тікұшақ сатып алудан бас тартты

АҚШ "Сирия үкіметін қару-жарақпен қамтамасыз етіп отырған" Ресейден тікұшақ сатып алуды тоқтатады. Бұған дейін АҚШ қорғаныс министрлігі Ресейден 345 миллион АҚШ долларына 15 Ми-17 тікұшағын сатып алып, Ауғанстанның ұлттық қауіпсіздік күштеріне бермек болған

217 0

АҚШ "Сирия үкіметін қару-жарақпен қамтамасыз етіп отырған" Ресейден тікұшақ сатып алуды тоқтатады. Бұған дейін АҚШ қорғаныс министрлігі Ресейден 345 миллион АҚШ долларына 15 Ми-17 тікұшағын сатып алып, Ауғанстанның ұлттық қауіпсіздік күштеріне бермек болған.

Бірақ 13 қарашада қорғаныс министрлігі бұл жоспарынан бас тартатынын хабарлады.

Республикашыл сенатор Джон Корнин қорғаныс министрлігінің "Рособоронэкспорт" мекемесімен қару саудасынан бас тарту шешімін қолдады.

Сарапшылардың айтуынша, АҚШ конгрессмендері арасында Ресеймен қару-жарақ саудасын жүргізу келісіміне қарсылар көбейіп келеді - деп хабарлады   azattyq.org

Конгресстегі Республикашыл және Демократиялық партиялардың өкілдері Сирия президенті Башар Асад әскеріне қару-жарақ жеткізетін Ресейден әскери техника алуға қарсылық білдірген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!