АҚШ террористік топтар тізіміне екі ұйымды қосты

Фотография - АҚШ террористік топтар тізіміне екі ұйымды қосты

АҚШ нигериялық исламшыл "Боко-Харам" және "Ансар" топтарын террористік ұйымдар тізіміне крігізді

264 0

АҚШ нигериялық исламшыл "Боко-Харам" және "Ансар" топтарын террористік ұйымдар тізіміне крігізді.

АҚШ-та террористік ұйымдар тізіміне кірген топтардікі болуы мүмкін деп болжанған бірнеше банк есеп-шоттары жабылады. Бұдан өзге, ол топтармен кез-келген қаржылық операцияларды жасауға тыйым салынады.

Мемлекеттік департаменттің хабарлауынша, "Боко-Харам" мен "Ансар" топтары террористік ұйымдар тізіміне Нигерия үкіметінің экстремистерге қарсы күресіне көмектесу мақсатында кіргізілген. 

"Боко-Харам" тобының "Әл-Қаида" террористік ұйымымен байланысы бар деп саналады. Ұйым Нигерияның солтүстігінде шариғат заңдарын енгізуді көздейді - деп хабарлады  azattyq.org

"Ансар" - "Боко-Харамнан" бөлініп шыққан ұйым. Екі ұйым да 2009 жылдан бері мыңдаған адамның өліміне жауапты деп айыпталып келеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!