Жанкешті лаңкестерді Исламға телігенді тоқтату керек

Фотография - Жанкешті лаңкестерді Исламға телігенді тоқтату керек

Ашура күні қарсаңында Түркия премьері Ержеп Тайып Ердоған қасиетті орындарда адам қанын нақақ төгіп, бейбіт тұрғындардың шырқын бұзатын жанкешті лаңкестердің әрекеті асыл дінімізбен үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын мәлімдеді

151 0

Ашура күні қарсаңында Түркия премьері Ержеп Тайып Ердоған қасиетті орындарда адам қанын нақақ төгіп, бейбіт тұрғындардың шырқын бұзатын жанкешті лаңкестердің әрекеті асыл дінімізбен үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын мәлімдеді.

«Өздерін мұсылманбыз деп есептейтін, алайда қасиетті орындарда жарылыс жасайтындар бар,- деді ол. – Мұндай зорлық-зомбылық пен қатыгездік сүниттерге де, шиттерге де, жалпы Исламға еш қатысы жоқ».

Сонымен қатар, ол Пайғамбарлар падишасы Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын!) немересі Хұсейннің 680 жылы Кербалада болған ұрыста омеядтар халифы Язид әскерінің қолынан тапқанын еске салып, күн сайын жазықсыз жандардың өмірін жалмап жатқан мұндай қасіреттен сабақ алудың қажеттілігіне тоқталды.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!