Әлем жұртшылығын көмек көрсетуге шақырады

Фотография - Әлем жұртшылығын көмек көрсетуге шақырады

Халықаралық мұсылмандар ұйымы Филиппин аралдары  мен Сомалидегі табиғат апаттарынан көз жұмған мыңдаған жанның жанұясына көңіл айтып, әлем жұртшылығын қиын шақта қолдау білдіріп, көмек көрсетуге шақыруда

195 0

Халықаралық мұсылмандар ұйымы Филиппин аралдары  мен Сомалидегі табиғат апаттарынан көз жұмған мыңдаған жанның жанұясына көңіл айтып, әлем жұртшылығын қиын шақта қолдау білдіріп, көмек көрсетуге шақыруда.

«Мұсылман ғұламаларының халықаралық ұйымы (IUMS) Филиппин мен Сомалидегі тайфуннан опат болғандардың қазасына қайғырып, Алладан олардың басына келген азап пен сынақты жеңілдетуді жалбарына сұрайды»,- деп айтылған ұйымның мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, бұл мәлімдемеде қайырымдылық ұйымдарды табиғи апаттан зардап шеккендерге тездетіп қолұшын созып, көмек көрсетуге шақырады.

Өткен жұмада Филиппинде дүлей дауыл тұрып, теңіз жағалуындағы елдімекендерді жермен-жексен еткен болатын. Тосыннан келген табиғат апаты салдарынан құрлық жолдары ен көпірлер қирап, автомобильдер мен кемелер қалдығы жағалауда үйіліп қалған болатын.

Ертесіне тайфуннан 10000-дай адамның опат болғаны туралы хабар тарағанымен, билік орындары бұл ақпаратты растаудан бас тартып отыр. Олардың есебінше, табиғи апаттан бар-жоғы 2000-ға тарта адам қаза тапқан.

Ал, Сомалиде тропикалық цикклон кесірінен 100 шақты адам опат болды. Аймақ президенті Абдирахман Фароленің айтуынша, елдегі төрт түлік мал саны едеуір азайып, Пунтланду қаласының экономикасы тұралап қалған қалған көрінеді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!