Германияның бұрынғы президентінің соты басталды

Фотография - Германияның бұрынғы президентінің соты басталды

Ганноверде Германияның бұрынғы президенті Кристиан Вульфтің үстінен коррупцияға байланысты қозғалған іс бойынша сот басталды. Саясаткер 2012 жылы коррупция жанжалына байланысты отставкаға кеткен еді

142 0

Ганноверде Германияның бұрынғы президенті Кристиан Вульфтің үстінен коррупцияға байланысты қозғалған іс бойынша сот басталды. Саясаткер 2012 жылы коррупция жанжалына байланысты отставкаға кеткен еді.

Кристиан Вульфке 2008 жылы Мюнхенде өткен сыра фестиваліне барғанда "қонақүйде жатқанына, түстік және кешкі асына 719 еуро өзге адамның ақшасынан төленген" деген айып тағылып отыр. Вульф оның есесіне жаңа фильм түсіруге демеуші іздеп жүрген режиссерге "көмектесуді сұрап Siemens компаниясына хат жазуға келіскен".

54 жастағы Вульф - Германияның екінші дүниежүзілік соғыстан кейін сотқа тартылған алғашқы президенті. Ол президент қызметін 20 ай шамасында ғана атқарды.

Вульф кезінде канцлер Ангела Меркельдің ықтимал мұрагері саналған - деп хабарлады  azattyq.org

Саясаткер "сотта жеңіп шығатынына" сенімді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!