Сирияда көтерілісші топ жетекшісі қаза тапты

Фотография - Сирияда көтерілісші топ жетекшісі қаза тапты

Сирияда президент Башар Асад әскерімен соғысып жатқан көтерілісшілердің бір тобының жетекшісі қаза тапты. Оппозициялық Aleppo News Network агенттігінің хабарлауынша, кеше елдің солтүстігіндегі Алеппо қаласында үкімет күштері жасаған әуе шабуылынан оппозицияшыл ең ірі қарулы топтардың бірі, Катарда орналасқан "Әл-Таухид" бригадасының жетекшісі Юсуф әл-Аббас қаза тапқан

117 0


Сирияда президент Башар Асад әскерімен соғысып жатқан көтерілісшілердің бір тобының жетекшісі қаза тапты. Оппозициялық Aleppo News Network агенттігінің хабарлауынша, кеше елдің солтүстігіндегі Алеппо қаласында үкімет күштері жасаған әуе шабуылынан оппозицияшыл ең ірі қарулы топтардың бірі, Катарда орналасқан "Әл-Таухид" бригадасының жетекшісі Юсуф әл-Аббас қаза тапқан.

Көтерілісшілердің әскери базасына жасалған бұл шабуылдан тағы екі командир жараланып, Түркиядағы ауруханаға жеткізілген.

Алеппода екі аптадан бері Башар Асадқа жақтас Ирак шииттерінен және ливандық "Хезболла" тобынан құралған топтар қаланың көтерілісшілер басып алған аудандарын қайтару үшін қарулы күрес жүргізіп жатыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!