Әлемнің ең үлкен әуекомпаниясы АҚШ-та құрылады

Фотография - Әлемнің ең үлкен әуекомпаниясы АҚШ-та құрылады

АҚШ үкіметі елдегі American Airlines және US Airways әуекомпанияларының бірігуіне келісім берді

184 0

АҚШ үкіметі елдегі American Airlines және US Airways әуекомпанияларының бірігуіне келісім берді. Қос алпауыттың қосылуы нәтижесінде әлемнің ең үлкен әуекомпаниясы АҚШ-та құрылатын болды. Бұл туралы Associated Press ақпараттық агенттігінің таратқан мәліметіне сүйене отырып Baq.kz тілшісі хабарлады.

Дерек көзіне сенсек, қараша айының соңына дейін мемлекеттің федералды соты келісімін берсе, желтоқсан айының алғашқы жартысында екі компания келісім шарта отырып, бұл іске нүкте қойылады.

Алдын-ала жасалған мәмілелерге сәйкес, екі компания нарықтағы басымдықты болдырмас үшін өздерінің бірқатар халықаралық рейстерінен бас тартпақ. Себебі, олар бірігу туралы алғаш рет ақпарат таратқанда, елдегі бірқатар штаттармен Әділет министрлігі қарсылық танытқан болатын. Тіпті, бұл әрекет монополияға қарсы заңдылықтарына сай келмейді деп сотқа шағымда түсірілген. Алайда, компаниялар жоғарыдағыдай келісімге келген соң, олар өздерінің шағымдарын қайтарып алған.

Жалпы, American Airlines пен US Airways өздерінің бірігуі туралы ақпаратты 2013 жылдың ақпан айында хабарлаған еді. Олардың қосылуы бірнеше жылға созылса, жаңа компания American Airlines Group деп аталады. Компания әлемнің 56 еліне 336 бағыт бойынша тәулігіне 6,7 мың рейс ұшырады. Оның жаңа штаб-пәтеріТехас штатының Форт-Уорте қаласында орналасады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!