«Volkswagen» көліктерінің 2,6 миллионы қайтарылмақшы

Фотография - «Volkswagen» көліктерінің 2,6 миллионы қайтарылмақшы

Германияның «Volkswagen» корпорациясы бүкіл әлем бойынша 2,6 млн көлігін зауытқа қайтарады. Компания өкілдерінің айтуынша, жаңадан шығарылған көліктерден техникалық ақаулар анықталған

193 0

Германияның «Volkswagen» корпорациясы бүкіл әлем бойынша 2,6 млн көлігін зауытқа қайтарады. Компания өкілдерінің айтуынша, жаңадан шығарылған көліктерден техникалық ақаулар анықталған. Бұл туралы жергілікті БАҚ өкілдері жарыса жар салуда, - деп Associated Press ақпараттық агенттігі хабарлады.

Кәсіпорынға кері қайтарылатындардың қатарында «Tiguan» үлгісінің 800 мың данасы бар. Бұл «темір тұлпарлардың» шамдарынан ақау шыққан. Ал, «Amarok» маркалы 250 мың пикаптың жанармайы ағып кетуі мүмкін. Компания тағы жарты миллион көлікті Қытайдан алып келмек. Бұл елде «Golf» және «Beetle» тәрізді маркалардың жылдамдық қорабы дұрыс жұмыс істемейді екен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!