Сан-Паулудағы көлік тығыны 309 шақырымға жетті

Фотография - Сан-Паулудағы көлік тығыны 309 шақырымға жетті

 Бразилияның Сан-Паулу қаласында көлік кептелісінің жаңа рекорды орнады. Тарихта алғаш рет мегаполистегі жол тығыны 309 шақырымға жетіп отыр. Бұған басты себеп - тұрғындардың қала сыртына барып, мұхит жағасында Республика күнін атап өтуі еді

224 0

 Бразилияның Сан-Паулу қаласында көлік кептелісінің жаңа рекорды орнады. Тарихта алғаш рет мегаполистегі жол тығыны 309 шақырымға жетіп отыр. Бұған басты себеп - тұрғындардың қала сыртына барып, мұхит жағасында Республика күнін атап өтуі еді.

Қала билігі жолдағы кептеліс мәселесін шешудің бірқатар жолдарын қарастырғанымен, нақты шешім табылар емес. Күндіз шаһарда  жүк көліктеріне жүруге тиым салынған. Сонымен қатар, кешкі қарбаласта да кейбір көліктердің жүруіне шектеу қойылды. Алайда, бұл шаралардың ешқайсысы проблеманы жеңілдеткен жоқ.

Айта кетейік, Сан-Паулу Бразилиядағы Рио-де-Жанейро қаласынан кейінгі ең көлігі көп қала. Рио болса жол тығыны жағынан әлемдегі қалалар арасынан үшінші орынды алады. Бірінші орында Мәскеу, екінші орында Стамбул қалалары.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!