ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде лаңкестік акті орын алды, 11 адам көз жұмды

Фотография - ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде лаңкестік акті орын алды, 11 адам көз жұмды

Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде болған лаңкестік акті салдарынан 11 адам қазаға ұшырады, екеуі жарақат алды

229 0

Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде болған лаңкестік акті салдарынан 11 адам қазаға ұшырады, екеуі жарақат алды.

Құрамында 9 адам бар пышақпен және балтамен қаруланған бандиттер тобы ШҰАӨ-нің Қашғар округінің Бачу уезіндегі Серікбұя елді мекеніндегі полицей учаскесіне шабуыл жасады. Шабуылшылар оқиға орнында өлтірілді. Шабуыл салдарынан екі халық жасақшысы қазаға ұшырап, екі полицей жараланды. Бейбіт тұрғындардың арасында ешкім зардап шеккен жоқ.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, бұл ауданда қазір қоғамдық тәртіп қалпына келтірілді. Жергіікті өкімет орындары шабуыл жасағандардың бірі Абул Ахат екенін анықтады.

Бұл биылғы жылы осы елде мекенде болған осымен екінші лаңкестік актісі. Сәуір айында құқық қорғау органдары жүргізген лаңкестік топты жою операциясы кезінде 21 адам қаза тапқан болатын, олардың арасында алты лаңкес пен алты полицей болды.

28 қазанда Бейжіңде Тяньаньмэнь алаңында лаңкестік орын оқиға алды. Автомобиль туристер тобына соқтығысып, жарылды және өртенді. Лаңкестік салдарынан екі турист құрбан болып, 40-қа тарта адам жараланды.

Ташкентте сапарда жүрген ҚКП ОК саяси-заң комиссиясының хатшысы Мэн Цзянчжу Тяньаньмэнь алаңындағы лаңкестік актінің артында «Шығыс Түркістан ислам қозғалысы» өкілдері тұрғанын мәлімдеді.

Шыңжаң Қытайдағы «қызу» нүктелердің бірі. Қытай билігінің бағалауынша, автономиялық өлке аумағында «Шығыс Түркістан ислам қозғалысы» экстремистік ұйымы әрекет етуде.

12 қарашада аяқталған 18-шақырылған ҚКП ОК 3-пленумының қорытындысымен Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесін құру туралы шешім қабылданды.

«Қытайдың Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесін құру туралы шешімі лаңкестерді, сепаратистер мен экстремистерді үрейлендіргені сөзсіз. Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттік қауіпсіздікке сына қағып, қауіпсіздік төндіруге тырысқан барлық күштер абыржи бастады», деген түсіндірме берді ҚХР СІМ ресми өкілі Цинь Ган Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесін құру туралы шешімге байланысты - деп хабарлады  ҚазАқпарат

18 шақырылған ҚКП ОК 3-пленумы қорытындылары бойынша жарияланған коммюникеде Қытайдың Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесін құру туралы шешімі ұлттық қауіпсіздік жүйесі мен стратегиясын жақсартуға және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғаны атап өтілген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!