Чилиде президент сайлауының алғашқы кезеңі аяқталды

Фотография - Чилиде президент сайлауының алғашқы кезеңі аяқталды

Чилиде 17 қарашада өткен президент сайлауының алғашқы кезеңінде Социалистік партия өкілі Мишель Бачелет алға шықты

127 0

Чилиде 17 қарашада өткен президент сайлауының алғашқы кезеңінде Социалистік партия өкілі Мишель Бачелет алға шықты. Ол енді 15 желтоқсанда өтетін сайлаудың соңғы кезеңінде саяси бәсекелесі - консервативтік партия атынан түскен саясаткер әйел Эвелин Маттеймен бақ сынасады.

Бачелетке сайлаудың алғашқы кезеңінде дауыс берген сайлаушылардың 48 пайызы қолдау білдірген.

2006-2010 жылдары Чилидің алғашқы әйел президенті болған Мишель Бачелет араға үш жыл салып  екінші мерзімге президент болудан үмітті - деп хабарлады  azattyq.org

Чили - Оңтүстік Америкадағы жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімі ең жоғарғы ел.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!