Татарстан президентінің ұлы Қазандағы ұшақ апатында қаза болды

Фотография - Татарстан президентінің ұлы Қазандағы ұшақ апатында қаза болды

 Бұл туралы «РБК-Татарстан» республика үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасай отырып хабарлады. Ақпаратты «Татарстан» әуе компаниясы растады

156 0

Татарстан президенті Рустам Миннихановтың ұлы Ирек Минниханов Boeing 737 ұшағына отырған. Аталмыш ұшақ 17 қараша күні кешке Қазан қаласының халықаралық әуежайында апатқа ұшырады. Бұл туралы «РБК-Татарстан» республика үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасай отырып хабарлады. Ақпаратты «Татарстан» әуе компаниясы растады.

Жолаушылар қатарында танымал телекоментатор Роман Скворцовтың әйелі Эллина Скворцова болған. Ол Қазанның тумасы болған. Ұшақта ол бірінші некеден туған қызы Дарья Арташевамен бірге болған. Татарстан ФҚҚБ басшысы Александр Антонов та апатта қаза болды.

Ирек Минниханов 1990 жылы туған. Ол француз қызы Антония Гишарға үйленген болатын. Ирек «АК Барс-банкте» жұмыс істеген және ралли-кросстан Ресейдің екі дүркін чемпионы болған.

Мәскеудегі Домодедово әуежайынан келген ұшақ қонарында апатқа ұшыраған. Ұшақ бортында 44 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болған. Олардың барлығы қаза тапты. Аталмыш факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!