Ағылшын жазушысы Дорис Лессинг қайтыс болды

Фотография - Ағылшын жазушысы Дорис Лессинг қайтыс болды

Ұлыбританиялық жазушы, феминистік және отаршылдыққа қарсы шығармалары үшін әдебиет саласындағы Нобель сыйлығына ие болған Дорис Лессинг 94 жасында қайтыс болды. Жазушы жексенбіде Лондонда өз үйінде көз жұмған

257 0

Ұлыбританиялық жазушы, феминистік және отаршылдыққа қарсы шығармалары үшін әдебиет саласындағы Нобель сыйлығына ие болған Дорис Лессинг 94 жасында қайтыс болды. Жазушы жексенбіде Лондонда өз үйінде көз жұмған.

Дорис Лессингтің 1962 жылы жарыққа шыққан "Алтын дәптер" романы бүгіндері феминистік шығармалардың бастауы саналады. Жазушы 2007 жылы 88 жасында Нобель сыйлығына ие болған - деп хабарлады  azattyq.org

Лессинг саяси сындардан бастап ғылыми фантастика дейінгі тақырыптарда 50-ден астам кітап жазған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!