Индонезияда кедей әйел алтын толы сандық тауып алды

Фотография - Индонезияда кедей әйел алтын толы сандық тауып алды

Батпақты жерден устрицалар жинап жүрген кедей ауылдың тұрғыны алтын  толы сандықты тауып алды

280 0

Батпақты жерден устрицалар жинап жүрген кедей ауылдың тұрғыны алтын  толы сандықты тауып алды.

Түске де кірмейтін мол қазына 2004 жылғы цунамидің салдарынан жағалауға шығып қалған болуы ықтимал.

Алапат толқындар 13 ғасырдағы билеушілердің қазыналарымен бірге көмілген көне бейіттерін шайып кеткен. Табылған монеталар 1200 және 1600 жылдарға жатады.

Әйел батбаққа көміліп жатқан сандықтың қақпағын ашқан сәтте өз көзіне өзі сенбеген. Ол ернеуіне дейін әр түрлі көлемдегі алтын монеталармен толтырылған екен. Артынша өзінің тапқан қазынасы туралы билік орындарына хабарлап, олар монеталарды алып кеткен. Алайда, полиция өкілдері ауылға келіп жеткенге дейін қазынаның бірталай бөлігін жергілікті тұрғындар жымқырып үлгерген көрінеді.

Айта кетер жайт, Гампонг Панде ауылы алғашқы Ачех ислам патшалығының орталығы - Меукута Алам династиясы басқарған аймақта орналасқан.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!