Франциядағы ең ірі газет редакцияларының бірінде атыс болды

Фотография - Франциядағы ең ірі газет редакцияларының бірінде атыс болды

Парижде белгісіз ер адам бей-берекет атыс ұйымдастырып, полицейлерді аяғынан тік тұрғызды.

254 0

Парижде белгісіз ер адам бей-берекет атыс ұйымдастырып, полицейлерді аяғынан тік тұрғызды

Күдікті жеңіл көлікті тоқтатып, оның жүргізушісін кепілге алған. Кейін Елисей алаңына жеткен соң, оны қоя берді. Қарулы адам осының алдында Франциядағы ең ірі газеттердің бірі – «Либерасьон» редакциясына басып кіріп, оқ жаудырған болатын. Куәгерлердің айтуынша, ол аңшы мылтығынан бірнеше рет атқан. Атыстан фотобөлімнің 27 жастағы қызметкері ауыр жарақат алды. Редакциядан қашып шыққан күдікті банктің бас кеңсесіне барып, атыс ұйымдастырған. Абырой болғанда0 ол жақта ешкім жарақат алмады. Осы оқиғаларға байланысты Париждегі барлық бұқаралық ақпарат құралдарының ғимараттары қатаң күзетке алынды. Қазір полицейлер тікұшаққа дейін жұмылдырып, күдіктіні ұстау операциясын өткізіп жатыр. Әзірге оны мұндай қылмысқа не итермелегені белгісіз.


Тегтер:

Франция

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!