Грузия президенті Үкімет басшысы лауазымына 31 жастағы И. Гарибашвилиді тағайындады

Фотография - Грузия президенті Үкімет басшысы лауазымына 31 жастағы И. Гарибашвилиді тағайындады

Грузия президенті Георгий Маргвелашвили премьер-министр қызметіне Ираклий Гарибашвилиді тағайындады

160 0

Грузия президенті Георгий Маргвелашвили премьер-министр қызметіне Ираклий Гарибашвилиді тағайындады.

Үкімет басшысы лауазымында Гарибашвили «Грузиялық арман» көшбасшысы миллиардер Бидзина Иванишвилиді алмастырды. Ол өзі отставкаға кететінін алдын-ала мәлімдеген. Гарибашвили парламентке жаңа министрлер кабинетін бекітуге ұсынды», - деп хабарлайды БАҚ.

«Айқын» газетінің жазуынша, 31 жастағы И. Гарибашвили 2004-2012 жылдар аралығында Иванишвилиге тиесілі CartuGroup компаниясының әр түрлі мекемелерінде басшылық қызметте болған. 2012 жылдың қазан айынан И. Гарибашвили ІІМ басшысы қызметін атқарды.

Б.Иванишвили өзінің ізбасарын: «Ол өте бейімді адам, күнделікті жұмысының арқасында ол бір жылдың ішінде елде еуропалық сипаттағы полиция қызметін жөнге келтірді», - деп таныстырды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!