Ресей: Иран мәселесін шешуге нақты мүмкіндік бар

Фотография - Ресей: Иран мәселесін шешуге нақты мүмкіндік бар

Ресей президенті Владимир Путин Иран президенті Хассан Роуханиге Иранның ядролық бағдарламасына қатысты ұзаққа созылған мәселені шешуге "нақты мүмкіндік бар" деді

184 0


Ресей президенті Владимир Путин Иран президенті Хассан Роуханиге Иранның ядролық бағдарламасына қатысты ұзаққа созылған мәселені шешуге "нақты мүмкіндік бар" деді.

Кремльдің хабарлауынша, Путин мен Роухани телефон арқылы сөйлескен. Роухани Ресейдің проблеманы реттеуге күш жұмсап жатқанын жоғары бағалаған.

Иран мен "алтылық елдері" (АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия) Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздерді біраздан бері жүргізіп келеді - деп хабарлады azattyq.org

Батыс елдері Тегеранды ядролық қару жасауға ұмтылады деп, уран байытудан бас тартқыздырғысы келеді. Иран ядролық қару жасау ниеті барын жоққа шығарады.

 


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!