Норвегия әскері ет жеуден бас тартты

Фотография - Норвегия әскері ет жеуден бас тартты

Норвегияның қарулы күштері жаһандық жылынумен күресу үшін ет жеуден бас тартып жатыр. Турасын айтсақ, жауынгерлер бұдан былай аптасына бір рет етсіз тамақ жейтін болады

231 0

Норвегияның қарулы күштері жаһандық жылынумен күресу үшін ет жеуден бас тартып жатыр. Турасын айтсақ, жауынгерлер бұдан былай аптасына бір рет етсіз тамақ жейтін болады деп хабарлайды РИА Новости.

"Бұл біздің қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шара. Яғни, тағамданғанда табиғатқа залал тигізбеуге барынша тырысып бағатын боламыз" дейді Норвегия қарулы күштерінің өкілі Эйстейн Кварвинг.

Етсіз тамақты сарбаздар тек дүйсенбі күні жейтін болады. Осылайша жыл сайын әскердің өзінен 150 тонна ет үнемделмек.

"Біз қаражатты үнемдеп жатқанымыз жоқ. Біз өз әрекетімізбен өзгелерді табиғатты қорғауға шақырамыз. Сондай-ақ, бұл қадамнан жауынгерлеріміздің денсаулығы да мықты болады деген сенімдеміз" дейді Кварвинг.

Норвегиялық ұйымдардың бірі жүргізген зерттеудің нәтижесіне сүйенсек, елдің бір азаматы өмірінде шамамен 1,147 балапан, 22 қой, 6 сиыр, 2,5 бұғы етін жейді екен.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!