АҚШ ғарышқа 29 спутник ұшырды

Фотография - АҚШ ғарышқа 29 спутник ұшырды

АҚШ-та 20 қарашаға қараған түні ғарышқа бортына 29 спутник тиеген зымыран ұшырылды. Вирджиния штатындағы Уоллопс ғарыш айлағынан ұшырылған бұл зымыран "Минотавр-1" деп аталады. Зымыраннан шыққан от жалыны түнгі аспанда АҚШ-тың шығығындағы жағалауларынан солтүстікте Канадамен шекарадан оңтүстікте Флорида штатына дейінгі кеңістікте байқалған

154 0

АҚШ-та 20 қарашаға қараған түні ғарышқа бортына 29 спутник тиеген зымыран ұшырылды. Вирджиния штатындағы Уоллопс ғарыш айлағынан ұшырылған бұл зымыран "Минотавр-1" деп аталады. Зымыраннан шыққан от жалыны түнгі аспанда АҚШ-тың шығығындағы жағалауларынан солтүстікте Канадамен шекарадан оңтүстікте Флорида штатына дейінгі кеңістікте байқалған. 

Ғарышқа ұшырылған спутниктердің ең үлкені - STPSat-3 спутнигі мен қалған жиырма жеті наноспутник әскери мақсатта ұшырылған. Тағы бір спутникті Вирджиния штатындағы орта мектептің оқушылары құрастырған. Мектеп оқушылары мен басқа да қызығушылық танытқандар бұл спутникпен байланыс орнатып, ғарыштан келген ақпаратты ала алады.

"Минотавр-1" зымыранын Orbital Sciences Corp жекеменшік компаниясы жасап шығарған. "Минотавр-1" болашақта осындай зымырандарды коммерциялық мақсатта пайдалануға сынақ ретінде ұшырылып отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!