Америкалық конгрессмен кокаинмен қолға түсті

Фотография - Америкалық конгрессмен кокаинмен қолға түсті

Республикалық партия атынан сайланған АҚШ Конгрессінің мүшесі Трей Рейдел (Trey Radel) кокаин сақтады деп айыпталуда.

105 0

Республикалық партия атынан сайланған АҚШ Конгрессінің мүшесі Трей Рейдел (Trey Radel) кокаин сақтады деп айыпталуда. Бұл туралы Associated Press есімін жасырған Есірткімен күрес басқармасының шенеунігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттік дереккөзінің айтуынша, 37 жасар Республикалық партия мүшесі 29 қазанда арнайы жалданған агенттен есірткі сатып алып жатқан жерінен қолға түскен. Рейделді ұстау операциясы бұған дейін қолға түскен есірткі саудагері саясаткерге сілтегеннен кейін арнайы ұйымдастырылыпты. Бұл операцияны ФТБ мен DEA бірлесіп жүргізді.

Рейделдің өзі 19 қарашада жарияланған үндеуінде «жауапсыздық таныттым, осы таңдауымның салдарын көтеруге толық дайынмын» деп атап өткен. Алайда өз саяси мансабы жайында ешбір сөз айтылмаған.

Конгрессменнің ісі бүгін, 20 қарашада, Колумбия округінің Жоғарғы сотында қаралады. Егер Рейдел кінәлі деп танылса, ол алты айға бас бостандығынан айырылып, бір мың доллар көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі. Сондай-ақ Конгресс мүшесін есірткі сақтағаны үшін қамауға алу 1982 жылдан бері алғаш рет қайталанып тұрған оқиғаға айналмақ, деп жазады агенттік.

Саяси мансабына дейін журналист әрі радиожүргізуші қызметін атқарған Трей Рейдел Конгресс іргесіне Флорида штатынан 2012 жылы сайланыпты. Сыртқы істер өкілдері палатасы комитетінің мүшесі бола тұра, республикалық партия өкілі Сирияға соққы жасауға қарсы дауыс берген болатын.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!