Израилдің бас раввині парамен ұсталып, алаяқтығы үшін тұтқындалды

Фотография - Израилдің бас раввині парамен ұсталып, алаяқтығы үшін тұтқындалды

Израилдің бұрынғы бас ашкеназдық раввині Йона Мецгер дүйсенбіде, яғни, қараша айының 18-і күні парақорлық пен алаяқтық, сондай-ақ, өзге де қылмыстық баптар бойынша күдікті деп танылып, тоғыз күнге қамауға алынды.

139 0

Израилдің бұрынғы бас ашкеназдық раввині Йона Мецгер дүйсенбіде, яғни, қараша айының 18-і күні парақорлық пен алаяқтық, сондай-ақ, өзге де қылмыстық баптар бойынша күдікті деп танылып, тоғыз күнге қамауға алынды.

Израиль полициясының салық басқармасымен бірлесе Мецгердің ісімен айналасқан «Лахав 433» арнайы бөлімшесінің тергеушілері оның раввин болып тұрған кезінде мүдделі жоғары лауазымды шенеуніктерімен байланысқа түсіп, бірнеше миллион қаржыны қалтасына басқан әрекеті әшкере болғанын жеткізді.

Сондай-ақ, үкіметтің заң кеңесшісі Мени Мазуз Метцгерге қатысты тағы бір істің ақ-қарасын анықтауға кірісті. Оған оның миллионерлердің қаражаты есебінен қажетті адамдарды иудаизмге кіргізу үшін ел аралап, жиі сапарлатып жүргендігі күдік туғызған көрінеді.

Бұрынғы КСРО-дан шыққан миллиардерлер немесе ХАБАД қозғалысының қаражатымен шетелге іссапармен көп шығатын ол еврейлердің ішкі ісіне жөнсіз араласып келгендігі белгілі болып отыр. ХАБАД туралы ауызға алған екенбіз, аталмыш қозғалыс жайлы бірер сөз: АҚШ-та құрылған ХАБАД қозғалысы ортодоксалды иудаизм сектасы болып табылады.

Оның шетелге жасаған алғашқы іссапарына тоқталсақ, ол 2003 жылы ХАБАД-пен байланысы бар Лев Леваев есімді ресейлік әрі израилдік миллиардердің демеушілігмен Украинаның астанасына ұшып келеді. Осыдан кейін раввин ХАБАД қозғалысын қолдайтын жақтастарының жетекшісіне айналады. Осынау бүкіл әлемдік ұйым баяғыдан діни қозғалыс болудан қалғанын айта кету керек. Әлемнің түкпір-түкпірінде кездесетін оның мүшелері еврейлер қауымын өз уысында ұстау үшін жергілікті раввиндермен күресіп келген. Бұл істе оған атақты миллиардерлер жәрдемдесіп, қаржылай қолдау көрсетіп отырған. Олар үшін ХАБАД жергілікті басшылармен қатынасында арқа сүйер «асқар тауы», табан тірер баспалдағы болып табылады.

Іздегенге сұраған, жергілікті билікке таласта Мецгер олардың от көсейтін көсеуіне айналды. 2003 жылы Киевке келген оның ел президенті Леонид Кучмамен кездесуіне Леваев жәрдемдескен. Ол бұл сапарында Украина астанасында еврейлердің аса ірі діни орталығын құруға мүмкіндік беретін келісімге қол жеткізеді.

Ал, 2004 жылы Мецгердің елімізге келуіне Александр Машкевич ықпал еткен көрінеді. Оның мұндай сапарларын бәрін тізіп шығу шарт емес. 


Тегтер:

Палестина

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!