Жириновский ет жеуге тыйым салды

Фотография - Жириновский ет жеуге тыйым салды

Ресейдің либералды-демократиялық партиясының жетекшісі Владимир Жириновский өзі ет жеуден бас тартып, қалған партияластарын сол бастамасын қостауға шақырды. Сөйтіп оның партиясы біртіндеп вегетериандық тағам жеуге көшетінін мәлімдеді

184 0

Ресейдің либералды-демократиялық партиясының жетекшісі Владимир Жириновский өзі ет жеуден бас тартып, қалған партияластарын сол бастамасын қостауға шақырды. Сөйтіп оның партиясы біртіндеп вегетериандық тағам жеуге көшетінін мәлімдеді.

«РЛДП-да темекі тарпайды, ішімдік ішпейді. Енді біз партия мүшелерін вегетариандық тағам жеуге міндеттейміз. Оған біртіндеп көшетін боламыз», - деген Жириновскийдің сөзін РИА «Новости» келтірді.

Саясаткер еттен биылғы жаздан бастап бас тарқанын мойындады.

Бұған дейін, ақпан айында қоғамдық орындарда темекі шегуге толығымен тыйым салуды қарастырған заң жобасын талқылау кезінде Владимир Жириновский кез келген темекі тартатын адамды партиядан шығаруға уәде берді. «РЛДП-да ешкім темекі шекпейді, тартса, оны партиядан қудалаймыз. Алкоголь өнімдерін де ешкім пайдаланбайды», - деп мәлімдеді либерал-демократтар жетекшісі.

Еске сала кетейік, биылғы жылдың 1 маусымында Ресейде темекіге қарсы қарсы заң күшіне енді. Аталған заң қабылданғаннан кейін темекіге әуес жандардың құқықтары біраз шектеліп қалды. Атап айтқанда, содан бері қоғамдық орындарда, вокзал мен әуежайларда, метроға кірер жерде, білім беру және әлеуметтік мекемелерде темекі шегуге болмайтын болды. Рұқсат етілмеген жерде темекі тартқаны үшін салынатын айыппұлдар 15 қарашадан бастап күшіне енді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!