Қасиетті Қағбаның кілті ауыстырылды

Фотография - Қасиетті Қағбаның кілті ауыстырылды

Мекке шаһарында қасиетті Қағбаның кілтін ауыстыру және тазалау рәсімі өтті. Айтулы шараға мұсылман елдерінен келген қадірлі қонақтар да қатысты.

263 0

Мекке шаһарында қасиетті Қағбаның кілтін ауыстыру және тазалау рәсімі өтті. Айтулы шараға мұсылман елдерінен келген қадірлі қонақтар да қатысты.

Осынау салтанатты шарада қала уәлиі Халид Фейсал қасиетті Қағбаның кілтін оның шырақшысы Абдул Гадир Шейбиеге тапсырды. Айта кетерлігі, ауыстырылған кілт таза алтыннан құйылған. Онда «Имран» сүресінің 96 аяты және «Маида» сүресінің 97 аяты  жазылған.

Қасиетті Қағба киелі Зәм-зәм суымен және Ираннан жеткізілетін қызғылт сумен (гюлаб) жылына екі мәрте жуылады. Аталмыш шара Сауд Арабиясының королі Абдолла ІІ қатысуымен өтеді.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!