БАӘ полициясы ұстаған қазақстандықтарға өлім жазасы кесілуі мүмкін

Фотография - БАӘ полициясы ұстаған қазақстандықтарға өлім жазасы кесілуі мүмкін

Біріккен Араб Әмірліктерінде қолына кісен салынған он отандасымыздың неге тұтқындалғаны белгілі болды. «Жерлестеріміз жат елде адам өлтірді, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды»

170 0

 Біріккен Араб Әмірліктерінде қолына кісен салынған он отандасымыздың неге тұтқындалғаны белгілі болды. «Жерлестеріміз жат елде адам өлтірді, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды».


«Араб Әмірліктеріндегі он азаматтың біріне де қатысты жағымды жаңалық жоқ. Олар жақында елге оралады деп те айта алмаймыз. Ірі қылмыстық топ құрған, алдам өлтірген деп айыпталуда. Желтоқсанның басында Бас прокуратураның өкілдері Біріккен Араб Әмірліктеріне жол жүреді»,-деді телеарнаға берген сұхбатында  ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель - деп хабарлады  newskaz.kz


Екі апта бұрын Біріккен Араб Әмірлігінде 12 қазақстандық қамауға алынған еді. Олар Орал қаласының тумасы, бірнеше жылдан бері Қазақстанға көлік майлары мен қосалқы бөлшектерді жіберумен айналысады екен. Сыртқы Істер министрлігі Дубайға ресми сұрау жіберіп бұл оқиғаның мән-жайын анықтай алмаған-ды. Ведомстваның дәрменсіздігіне тұтқындалғандардың туыстары наразылық білдіріп, Астанадағы консулдық қызмет департаменті алдына жиналған болатын. Ұсталғандардың арасында жақындарына қонаққа барған 2 жерлесіміз бар екен. Олар қазір елге оралды. Ал қалғандарының тағдырын енді Әмірлік соты шешетін болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!