Амстердамда көше тазалағандарға сыра беріледі

Фотография - Амстердамда көше тазалағандарға сыра беріледі

Амстердам көшелерінің тазалығын ұстап тұру үшін жергілікті билік маскүнемдерді жұмысқа алды, деп хабарлайды YTPO.ru шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

191 0

Амстердам көшелерінің тазалығын ұстап тұру үшін жергілікті билік маскүнемдерді жұмысқа алды, деп хабарлайды YTPO.ru шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

Маскүнемдер жарты пакет темекі, 5 банка сыра мен 10 еуро үшін көше тазалайтын болады. Жоба бір жағынан қоғамдық тәртіп орнатады.

«Маскүнемдер үлкен қолайсыздықтар тудырады, олар төбелеседі, шулайды. Бұл жобаның мақсаты - оларды қандай да бір жұмыспен қамту және өздері жасайтын проблемалардан құтылу», - деді «Радуга» қорының бастығы Джерри Холтерман.

Қазіргі таңда көше жинау жұмысына 20-ға жуық аула сыпырушы тартылды. Олар екі топқа бөлінді. Әрбір топ аптасына үш рет жұмыс істейтін болады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!