Молдова: ЕО-мен интеграция саясатын ұстанамыз

Фотография - Молдова: ЕО-мен интеграция саясатын ұстанамыз

Молдова премьер-министрі Юрий Лянкэ Кишиневтің Украинаның Еуропа одағымен (ЕО) ассоциация келісімінен бас тарту шешіміне "құрметпен қарайтынын", бірақ өз елі ЕО-мен интеграциялану саясатын ұстана беретінін мәлімдеді. "Біз Украинамен бұрынғыдай жақын байланыста болып қала береміз" деді Юрий Лянкэ

146 0

Молдова премьер-министрі Юрий Лянкэ Кишиневтің Украинаның Еуропа одағымен (ЕО) ассоциация келісімінен бас тарту шешіміне "құрметпен қарайтынын", бірақ өз елі ЕО-мен интеграциялану саясатын ұстана беретінін мәлімдеді. "Біз Украинамен бұрынғыдай жақын байланыста болып қала береміз" деді Юрий Лянкэ.

Молдова келесі аптада Вильнюсте өтетін ЕО-ның Шығыс ынтымақтастығы саммитінде ЕО-мен ассоциация туралы келісім жасаспақ. Бірақ Мәскеу Молдова мен Украинаны Ресей, Қазақстан және Беларусь құрған Кеден одағына кіргізуге мәжбүрлеп отыр - деп хабарлады   azattyq.org

Молдованың бұрынғы президенті, коммунистік партияның бұрынғы жетекшісі Владимир Воронин кеше Молдова "Украинаны үлгі тұтып, ЕО-мен келіссөздерді тоқтатуы тиіс" деген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!