Латвияда 3 тәулікке қаралы күн жарияланды

Фотография - Латвияда 3 тәулікке қаралы күн жарияланды

Латвияда 23, 24, 25 қараша күндері Ригадағы Maxima сауда орталығының отырылып құлауы салдарынан қаза тапқандар үшін қаралы күндер ретінде жарияланды

203 0

Латвияда 23, 24, 25 қараша күндері Ригадағы Maxima сауда орталығының отырылып құлауы салдарынан қаза тапқандар үшін қаралы күндер ретінде жарияланды.

Бұл күндері елдің бүкіл аумағында мемлекеттік ту төмен түсірілетін болады. Бұл туралы шетелдік БАҚ-тар хабарлады.

Айта кетейік, төтенше оқиға 21 қараша күні кешкісін орын алған болатын. Бастапқыда ғимараттың шатыры құлап, ал одан кейін құтқарушылар жұмыс істеп жатқан кезде орталықтың бір жақ қабырғасы опырып түскен еді.

Оқиға салдарынан шамамен 40 адам зардап шекті, оның ішінде балалар да, құтқарушылар да бар. Алдын ала мәліметтер бойынша, қирандылар астына әлі де 25 адам қалып отыр. Құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Maxima сауда орталығын салып, пайдалануға берген «Re&Re» компаниясының басқарма төрағасы Айнарс Пауниньш осы оқиғадан кейін жүрек талмасымен ауруханаға түсті. Оның денсаулығына қатысты әзірше еш ақпарат жоқ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!