Иран атомы келіссөзінде келісімге қол жеткізілді

Фотография - Иран атомы келіссөзінде келісімге қол жеткізілді

Жексенбіде Иран мен «алтылық топ» арасындағы Иранның ядролық ядролық бағдарламасы бойынша келіссөзде келісімге қол жетті.

198 0

Жексенбіде Иран мен «алтылық топ» арасындағы Иранның ядролық ядролық бағдарламасы бойынша келіссөзде келісімге қол жетті. Бұл туралы Еуропа Одағының сырты саясат бойынша комиссары Кетрин Эштон хабарлады. Иран сыртқы істер министрі Жавад Зариф те өзінің  Twitter парақшасында осындай мәлімет таратқан.

Әзірге келісім жайлы егжей-тегжейлі толық мәлімет түспеді.

Азаттық радиосының Парсы қызметінің хабарлауынша, Иран өкілі Аббас Аракчи Иранның уран байыту құқығы ресми түрде мойындалғанын мәлімдеген.     

Женевада осы айдың басында өткен келіссөздердің алғашқы кезеңі нәтижесіз аяқталған еді. Бұдан алдын АҚШ сенатындағы көпшілік орынға ие демократтар жетекшісі Гарри Рид желтоқсанның басында Иранға қарсы санкцияларды қатаңдататын заң жобасын ұсынатынын айтқан.

Батыс елдері Иранды уран байыту бағдарламасынан бас тартқызғысы келеді. Бірақ Тегеран өз ядролық бағдарламасы "бейбіт мақсатқа" құрылғанын айтады.

Бұл келіссөздерге Иранмен бірге "алтылық тобы" аталған - АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия қатысып отыр.


Тегтер:

Иран

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!