300 теңгелік аяқ-киіммен 160 шақырымды жүгіріп өтті

Фотография - 300 теңгелік аяқ-киіммен 160 шақырымды жүгіріп өтті

Жаңа Зеландияда марафонға қатысушы 160 шақырымдық жолды 2 долларға сатып алған резеңке аяқ-киіммен жүгіріп өтіпті.

176 0

Жаңа Зеландияда марафонға қатысушы 160 шақырымдық жолды 2 долларға сатып алған резеңке аяқ-киіммен жүгіріп өтіпті.

48 жасар Эндрю Фифта-Ламб (Andrew Fifita-Lamb) бұл ісін спортқа бей-жай қарайтын адамдарға үлгі болу үшін жасапты. «Кей адамдар спортпен айналысу үшін ақша керек, киім керек деп жатады. Менің мына ахуалымды көргендер ойлансын дедім, арманыңа жету үшін арнайы жағдайды жасап жатудың қажеті жоқ. Бар болғаны сол жасайтын іске ықыласың ауса жеткілікті», дейді Фифта-Ламб.

Спортшы 150 шақырым жолды жүгіріп өту үшін 3 жұп аяқ-киімпайдаланған. Әрқайсысы 2 доллар тұратын аяқ-киімді Эндрю ашық базардан сатып алыпты.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!