Ұйғыр исламшылары Бейжіңнің Тяньаньмэнь алаңындағы лаңкестік әрекет жауапкершілігін өз мойындарына алды

Фотография - Ұйғыр исламшылары Бейжіңнің Тяньаньмэнь алаңындағы лаңкестік әрекет жауапкершілігін өз мойындарына алды

Исламшылдардың сайтында адамдардың өліміне әкеп соққан апат содырлардың Қытай билігіне шабуылының бастамасы ретінде аталған.

292 0

Бейжіңнің Тяньаньмэнь алаңындағы лаңкестік әрекет жауапкершілігін «Түркістанның ислам партиясы» өз мойындарына алды. Исламшылдардың сайтында адамдардың өліміне әкеп соққан апат содырлардың Қытай билігіне шабуылының бастамасы ретінде аталған. Бұл жайында РБК хабарлады.

«Түркістанның ислам партиясы» өздерінің көшбасшысы Абдулла Мансурдың аудио жазбасын сайттарына орналастырған. Онда жоғарыда аталған ақпарат ұйғыр тілінде баяндалады.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 28 қазанында Бейжіңнің орталығындағы Тяньаньмэнь алаңында жол талғамайтын көлік қоршауды бұзып өтіп, туристер тобын қаққан еді. Оқиға салдарынан көліктегі үш адам мен екі жаяу жүргінші мерт болды. Сонымен қатар 40-қа жуық адам жарақат алды. Қытай билігі бұл оқиғаны лаңкестік әрекет деп бағалатын болатын.


Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!