Бидзина Иванишвили: Саясаттан кетемін

Фотография - Бидзина Иванишвили: Саясаттан кетемін

Грузиялық миллиардер, бұрынғы премьер-министр Бидзина Иванишвили кеше Тбилисиде өткен партия съезінде саясаттен кететінін мәлімдеді

124 0


Грузиялық миллиардер, бұрынғы премьер-министр Бидзина Иванишвили кеше Тбилисиде өткен партия съезінде саясаттен кететінін мәлімдеді.

"Мен саясаттан кетемін, бірақ қоғамның белсенді мүшесі болып қала беремін" деді ол.

Иванишвили Грузияның министрлер кабинетін 2012 жылдың қарашасынан президент Георгий Маргвелашвили қызметіне кіріскенге дейін басқарған. Ол саясатқа 2011 жылы қазанда келіп, оппозициялық "Грузия арманы" партиясын басқарды. Оның партиясы парламент сайлауында экс-президент Михаил Саакашвилидің "Біртұтас ұлттық қозғалыс" партиясымен бәсекеге түсті. Сайлау кезінде Иванишвили тек бір жыл ғана премьер-министр болатынын айтқан еді.

Саясаттан кететін жария еткен Иванишвили енді "Грузия арманы" партиясындағы құрметті төраға қызметін де тапсыруы тиіс - деп хабарлады  azattyq.org

Кейбір сарапшылар Иванишвили елдің саяси өміріне әлі де араласа береді деген болжам айтады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!