Дамаскідегі ұрыста 160 адам қаза тапты

Фотография - Дамаскідегі ұрыста 160 адам қаза тапты

Сириялық белсенділердің хабарлауынша, жексенбіде Дамаскінің шығысында үкімет күштері мен көтерілісшілер арасында болған қақтығыстардан 160-тан астам адам қаза тапқан

113 0

Сириялық белсенділердің хабарлауынша, жексенбіде Дамаскінің шығысында үкімет күштері мен көтерілісшілер арасында болған қақтығыстардан 160-тан астам адам қаза тапқан.

Ұлыбританияда орналасқан Syrian Observatory Human Rights ұйымының ақпаратына қарағанда, көтерілісшілердің үкімет қоршауын бұзып шығу шайқасы түн ортасында болған. Ұрыстарға "Әл-Қаидаға" жақын шетелдік көтерілісші топтар, үкімет әскері мен ливандық "Хезболла" ұйымының жауынгерлері қатысқан.

Құқық қорғау ұйымы ұрыс болған жерден хабар таратып жүрген екі журналистің қаза тапқанын айтады - деп хабарлады  azattyq.org

Сирияның үкіметтік бұқаралық ақпарат құралдары Дамаск маңындағы шайқас туралы әзірге хабарлаған жоқ.


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!