«Жиһад» ұғымын талдап-таразылауға тыйым салынды

Фотография - «Жиһад» ұғымын талдап-таразылауға тыйым салынды

Үстіміздегі жылдың қараша айының 24-і күні Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) Халықаралық ислам фиқһ академиясы кеңесінің (IIFA) 21-ші конференциясы өтті.

172 0

Үстіміздегі жылдың қараша айының 24-і күні Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) Халықаралық ислам фиқһ академиясы кеңесінің (IIFA) 21-ші конференциясы өтті. Аталмыш шара соңында қаулы қабылданып, оны IIFA-ның бас хатшысы Ахмет Халед Бабакр оқып берді.

Қабылданған қаулыда мұсылмандардың бір-бірімен жанжалдасуына, жауласуына, бір-бірінің қанын төгуге үзілді-кесілді тыйым салынғаны айтылған. Өйткені, шариғатта мұсылманға діндес бауырының қанын төгу үлкен күнә саналады.

Сондай-ақ, бұл құжатта түрлі ислам ағымдарының өкілдері Пайғамбарлар падишасы (с.ғ.с) мен оның асыл жарларына құрмет білдіре отырып, ортақ тіл табысуы тиіс. Осы тұста шииттердің көбісінің Ардақты елшінің (с.ғ.с.) жұбайларына, Айша анамызға (р.а.) және халифаларға өздерінше құрмет білдіретінін айта кету керек.

Конференцияға қатысқандар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ішкі талас-тартысқа жол бермеуге шақырды.

Бұған қоса, комиссия мүшелері мұсылмандардың түйіні тарқатылмаған ішкі мәселелеріне қатысты «жиһад» ұғымын талдап-таразылауға да тыйым салуды жөн көрді.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!