Карзай АҚШ-пен пактіге қатысты екі шарт қойды

Фотография - Карзай АҚШ-пен пактіге қатысты екі шарт қойды

Ауғанстан президенті Хамид Карзай АҚШ-пен қауіпсіздік пактісіне Кабулдың екі шарты орындалған жағдайда ғана қол қоятынын мәлімдеді.

123 0

Ауғанстан президенті Хамид Карзай АҚШ-пен қауіпсіздік пактісіне Кабулдың екі шарты орындалған жағдайда ғана қол қоятынын мәлімдеді.

26 қарашада Азаттық радиосының Ауған қызметіне берген сұхбатында Карзай АҚШ-қа "америкалық әскерилердің ауғандықтардың үйлеріне рейд жасамау" және "нақты бейбітшілік орнату процесін бастау" туралы екі шарт қоятынын айтты.

Осыдан екі күн бұрын Associated Press агенттігі Хамид Карзайдың Вашингтонға осындай талап қойғанын хабарлаған.

Оның алдында Карзай пактіге Ауғанстанда келесі жылғы сәуірге белгіленген президент сайлауы өтпейінше қол қоймайтынын мәлімдеген еді. Өткен аптада бүкілауғандық ақсақалдардың "Лойя Жирга" кеңесі АҚШ-пен пакт жобасын мақұлдап, президентке пактіге құжатқа осы жылдың соңына дейін қол қоюға шақырған.

Карзайдың айтуына қарағанда, 25 қарашада АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Сьюзан Райс оны Вашингтонның Ауғанстандағы сайлау процесіне араласпайтынына сендірген.


Тегтер:

авганистан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!