Халал туризмі бойынша мұсылман емес елдер көш бастап тұр

Фотография - Халал туризмі бойынша мұсылман емес елдер көш бастап тұр

Дубайда өткен жаһандық ислами экономикаға қатысты жиында сарапшылар мынадай кереғарлықты келтірді: қызық болғанда, мұсылман емес елдердің халал туризмі бойынша көш бастап тұрғаны таңдай қақтырған көрінеді.

132 0

Дубайда өткен жаһандық ислами экономикаға қатысты жиында сарапшылар мынадай кереғарлықты келтірді: қызық болғанда, мұсылман емес елдердің халал туризмі бойынша көш бастап тұрғаны таңдай қақтырған көрінеді. Мінбеге шығып, сөз сөйлегендер Ислам ынтымақтастық ұйымын туристік салаға айрықша көңіл бөлуге шақырды.

«Бүгінгі таңда мұсылман емес елдердің арасында Австралия мен Жаңа Зеландияда халал туризмі қарқынды дамыған»,- деп мәлімдеді Ұлыбританиядағы Сrescend Tour компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Елнұр Сейедлі. Сонымен қатар, Жапонияны да үлгі еткен ол күншығыс елінде «халал» медианың да жақсы жолға қойылғанын тілге тиек етті.

Статистикалық мәліметтерге қарағанда, бүгінгі таңда кәрі құрлықта да халал туризмі дамыған. 2012 жылы туристердің дені (83 млн адам) Францияға ат арытқан. Ал, АҚШ-та бұл көрсеткіш 67 млн адамды құраса, Қытайда 58 млн, Испанияда 58 млн адам болған. Түркия бұл тізімде алтыншы орыннан көрінсе, Малайзия 10-шы орынға табан тіреген.


Тегтер:

туризм

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!