Италия сенаты Берлускони мандатын дауысқа салады

Фотография - Италия сенаты Берлускони мандатын дауысқа салады

Италия парламентінің жоғарғы палатасы - сенатта бүгін елдің бұрынғы премьер-министрі, қазіргі кезде сенат мүшесі Сильвио Берлускониді депутаттық мандатынан айыру мәселесі дауысқа салынады

355 0

Италия парламентінің жоғарғы палатасы - сенатта бүгін елдің бұрынғы премьер-министрі, қазіргі кезде сенат мүшесі Сильвио Берлускониді депутаттық мандатынан айыру мәселесі дауысқа салынады. Бұған дейін Милан соты Берлускониді салық алаяқтығына қатысы бар деп танып, екі жыл мемлекеттік қызметті атқару құқығынан айырған еді.

Берлускони жақтастарын парламенттегі дауыс беруге байланысты қарсылық акцияларын ұйымдастыруға шақырған. Депутаттық мәртебесінен айырылса Берлускони тағылған айып бойынша тұтқындалуы мүмкін.

Қазан айының басында сенаттың партияаралық комиссиясы Берлускониді депутаттық мандатынан айыруды ұсынған еді.

Берлускони Италия үкіметін 2008-2011 жылдары басқарған.


Тегтер:

Италия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!