300 мың адам Таиландқа барудан бас тартты

Фотография - 300 мың адам Таиландқа барудан бас тартты

Таиландта наразылық акцияларының шиеленісуі елдің туризм индустриясын күйреуге ұшыратты. Корольдікке сапар шегуден 300 мыңға жуық адам бас тартты, деп хабарлайды vesti.ru.

211 0

Таиландта наразылық акцияларының шиеленісуі елдің туризм индустриясын күйреуге ұшыратты. Корольдікке сапар шегуден 300 мыңға жуық адам бас тартты, деп хабарлайды vesti.ru.

«Таиландтың туризм және спорт министрлігінің берген мәліметтері бойынша, индустрия шығыны 16 млн батқа жетті(жарты миллион доллар). Және бұл басы ғана. Егер саяси тұрақсыздық желтоқсан айында да жалғасса, шығын көлемі бірден арта түседі: жаңа жыл және рождество мерекелері - халықтың ең көп келетін уақыты»,-делінген хабарламада.

20 ел және оның ішінде Қазақстан өз азаматтарына Таиландқа сапар шеккен жағдайда мейлінше абай болуға, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

«Саяхатшыларды ел астанасына бармай, Пхукет, Самуи, Чиангмай провинцияларында демалуға шақырады. Алайда бұған қосымша шығындар кетеді»,-делінген хабарламада.

Таиландта премьер-министрдің қаулысымен Бангкок пен оған іргелес елді мекендерде төтенше жағдай режимі енгізілгеніне қарамастан үкіметке қарсы наразылық шеруі төртінші күні жалғасып жатыр. Және де басында бұл шерулер тек Бангкокта ғана өтсе, енді үкіметке қарсы митингтер елдің бірнеше провинцияларында бас көтерді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!