Латвия Премьер-Министрі қызметінен кетті

Фотография - Латвия Премьер-Министрі қызметінен кетті

Латвия Премьер-Министрі Ригадағы "Maxima" сауда орталығындағы апатқа байланысты қызметінен кетті

161 0

Латвия Премьер-Министрі Ригадағы "Maxima" сауда орталығындағы апатқа байланысты қызметінен кетті.

«Премьер-министр Валдис Домбровскис 54 адамның өмірін алып кетен «Maxima» сауда орталығының төбесі құлаған Золитуда ригалық ауданындағы апатқа байланысты қызметінен кетті», - делінген хабарламада.

В.Домбровскис сондай-ақ, «елге қалыптасқан жағдайды шеше алатындай үкімет қажеттігін» мәлімдеді. Белгілі болғандай, премьер Латвия тұрғындарына көрсеткен қолдаулары үшін алғысын айтып, кешірім сұрады. «Меніңше, бұл жағдайда парламенттік көпшіліктің қолдауына және сеніміне ие жаңа үкімет керек», - делінген.

Сондай-ақ, Латвия премьер-министрінің қызметтен кетуі автоматты түрде үкіметтің таралуына әкеліп соқтыратындықтан, жақын арада елде жаңа министрлер кабинеті пайда болатындығы түсіндіріле кеткен.

Бұдан бұрын құрылыс саласын қадағалайтын Латвия Экономика министрлігінің мемлекеттік хатшысы Юрис Пуце отставкаға кеткені жөнінде мәлім болған еді.

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, аталған елдің Президенті Андрис Берзиньш Рига супермаркетінде болған апатты оқиғаны "жаппай адам өлтіру" деп атады - деп хабарлады  ҚазАқпарт

Еске сала кетейік, «Maxima» супермаркетінің шатыры 21 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00 кезінде опырылып түскен болатын. Дәл осы кезде қала орталығындағы дүкендерде адамдар көптеп жиналады.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!