ЕО: Киев мүмкіндіктерді жіберіп алды

Фотография - ЕО: Киев мүмкіндіктерді жіберіп алды

Брюссель Киевтің Вильнюстегі саммитте Еуропа одағымен (ЕО) ассоциация келісіміне қол қоюдан бас тарту шешіміне өкініш білдіреді.

107 0

Брюссель Киевтің Вильнюстегі саммитте Еуропа одағымен (ЕО) ассоциация келісіміне қол қоюдан бас тарту шешіміне өкініш білдіреді. Бұл туралы бүгін Вильнюсте азаматтық қоғам өкілдерінің конференциясында ЕО-ның сыртқы кеңею істері бойынша комиссары Штефан Фюле мәлімдеді.

Оның айтуынша, Киев "шетелден тіке тартылатын инвестицияның азаю тенденциясын жою және Халықаралық валюта қорымен жаңа келіссөздер жүргізу мүмкіндігін уыстан шығарып алды".

Штефан Фюле бұған қоса қазір Украина үшін модернизация жүргізу мен инвестиция тарту мүмкіндігі кейінге ысырылғанын да ескертті.

Бүгін Вильнюсте кешкі қонақасынан кейін ЕО "Шығыс ынтымақтастығы" бастамасы елдерінің саммиті ашылады. Шығыс ынтымақтастығы бастамасына Армения, Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Молдова және Украина мүше.


Тегтер:

Украина

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!