Грузия Еуроодақпен ассоциация келісімін жасады

Фотография - Грузия Еуроодақпен ассоциация келісімін жасады

Вильнюсте өтіп жатқан Еуропа одағы "Шығыс ынтымақтастығы" саммитінде Грузия мен ЕО арасында ассоциация туралы келісімге қол қойылды. Құжатқа қол қою салтанатына Грузия сыртқы істер министрі Майя Панджикидзе мен ЕО сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон қатысты

159 0

Вильнюсте өтіп жатқан Еуропа одағы "Шығыс ынтымақтастығы" саммитінде Грузия мен ЕО арасында ассоциация туралы келісімге қол қойылды. Құжатқа қол қою салтанатына Грузия сыртқы істер министрі Майя Панджикидзе мен ЕО сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон қатысты.

Екі жақ бұған қоса Грузияның ЕО-дағы дағдарысты реттеу операцияларына да қатысуы туралы келісім жобасына қол қойды.

Саммит аясында Әзербайжан мен ЕО арасында виза тәртібін жеңілдету туралы да келісім жасалған.

Грузияның ЕО-мен ассоциация туралы келіссөздері былтыр қарашада басталып, биыл шілдеде аяқталған.

Грузияда 2008 жылдан бері ЕО бақылаушылар миссиясы жұмыс істейді. Грузия ЕО-ның қауіпсіздік және қорғаныс миссиясының бенефициары болып саналады. келісімге қол қойған соң Грузия ЕО-мен әріптестік қарым-қатынас жасай бастайды.

Грузия ЕО-ның миссияларына, оның ішінде Африка елдеріндегі миссияларына қатысуға шақыру алған. Ол ұсынысқа Тбилиси келісім берген.

Вильнюс саммитінде Украина да ЕО-мен еркін сауда айналымы және саяси ассоциация келісіміне қол қоюы қажет еді. Бірақ соңғы сәтте ресми Киев келісімге дайындықтан бас тартты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!