Иракта ұрланған 18 адамның мәйіті табылды

Фотография - Иракта ұрланған 18 адамның мәйіті табылды

Иракта бүгін полиция бірнеше сағат бұрын белгісіз біреулер үйлерінен ұрлап әкеткен 18 ер адамның мәйіттерін тапты

189 0

Иракта бүгін полиция бірнеше сағат бұрын белгісіз біреулер үйлерінен ұрлап әкеткен 18 ер адамның мәйіттерін тапты.

Арнайы қызмет өкілдері мен дәрігерлердің мәліметі бойынша, мәйіттер Бағдадтан солтүстікке қарай 20 километр қашықтықтағы сүнниттер тұратын Мишахда қаласы маңынан табылған.

Мерт болғандардың барлығы бастарынан атып өлтірілген.

Құрбандарды ұрлаған белгісіз адамдар әскери киімде, әскери көліктермен келген. Олар өздері ұстаған адамдардың туыстарына "олар түрлі қылмыстық іс бойынша күдікті болғандықтан тергеуге алынатындығын" айтқан.

Иракта соңғы уақытта зорлық-зомбылық күшейіп отыр. Кеше елдің бірнеше қаласында көліктерде болған жарылыстардан кемінде 30 адам көз жұмды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!