Украинада Януковичтің отставкаға кетуін талап етуде

Фотография - Украинада Януковичтің отставкаға кетуін талап етуде

Киевте «Еуромайдан» шеруіне қатысқандар Украина президенті Виктор Януковичтің отставкаға кетуін талап еткен резолюция қабылдады, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

177 0

Киевте «Еуромайдан» шеруіне қатысқандар Украина президенті Виктор Януковичтің отставкаға кетуін талап еткен резолюция қабылдады, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

«Бірінші – украин халқы мен еуропа қауымдастығы диалогын жүргізуі үшін белгілі сарапшылар, қоғам қайраткерлері, оппозициялық партия және студенттік ұйым өкілдерінен Еуромайдан үйлестіру кеңесін құруды талап етеміз.

Екінші – президент, Жоғарғы Рада мен министрлер кабинеті мемлекет дамуының стратегиялық геосаяси бағытын жүргізуге қабілетсіз екендігін жариялаймыз. Біз президент Януковичтің отставкаға кетуін талап етеміз», - делінген резолюцияда.

«Біз Еуромайдан белсенділері, студенттер, оппозиция жетекшілері, қоғам белсенділеріне қарсы саяси қуғындауды тиюды талап етеміз», - деп отыр шеруге қатысқандар.

Еуро қауымдастығына қосылуды жақтайтындар ертең Киевтегі тәуелсіздің алаңына жиналады. Жұма күні Киевте Виктор Януковичтің жатастары да митингіге шықты. Оларды Украинаның барлық қалаларынан автобуспен тасылды деп хабарланып отыр.

Еуропа одағының басшылары Украина президентін одақпен қауымдастық туралы келісімге қол қоюға көндіре алмаған еді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Украина

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!