Египетте полиция шеруді күштеп тарқатты

Фотография - Египетте полиция шеруді күштеп тарқатты

Египет астанасындағы Тахрир алаңына жиналған бұрынғы президент Мұхаммед Мурсидің жақтастарына полиция көзден жас ағызатын газ шашты

193 0

Египет астанасындағы Тахрир алаңына жиналған бұрынғы президент Мұхаммед Мурсидің жақтастарына полиция көзден жас ағызатын газ шашты. Мурсиді қолдаушылар Каирдің бас алаңында соңғы бір жылдан астам уақыттан бері алғаш рет жаппай наразылық акциясын өткізбекші болған еді. Оларды мәжбүрлеп тарқату үшін алаңға дереу полиция күші әкелінді.

Бұл арада Египет конституциясына өзгерістер әзірлейтін комиссия елде «парламент сайлауы президент сайлауының алдында өтуі тиіс» деген бапқа қатысты келісімге келе алмай, ол бап алынып тасталды. Комиссия енді жаңа жоба дайындап, ұсынуы тиіс. Конституциялық комиссия құрамындағы 50 адам – үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, әскерилер, полиция мен түрлі діни топтардың өкілдері бар.

Бұған дейінгі жоспар бойынша, негізгі заңға түзетулер комиссия мүшелерінің мақұлдауынан өткен соң елдің уақытша президенті Адли Мансур бір ай мерзім ішінде жаңа Конституция жобасын бүкілхалықтық референдумға ұсынуы тиіс еді. Бірақ енді заң жобасының белгіленген мерзімге дейін дайын болары күмән туғызып отыр.

3 шілдеде Египеттің тұңғыш рет демократиялық жолмен сайланған президенті Мұхаммед Мурсиді қызметінен кетіріп, билікке келген әскери басшылық бірнеше айдан соң жаңа Конституция жобасы әзірленіп, бүкілхалықтық референдумға ұсынылатынын айтқан еді - деп хабарлады  azattyq.org

2014 жылы Египетте парламент және президент сайлауларын өткізу жоспарланған.


Тегтер:

Египет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!