Нью-Йоркте пойыз апатқа ұшырады, қаза болғандар бар

Фотография - Нью-Йоркте пойыз апатқа ұшырады, қаза болғандар бар

Нью-Йоркте Spuyten Duyvil стансасының жанында Metro-North компаниясының жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

238 0

Нью-Йоркте Spuyten Duyvil стансасының жанында Metro-North компаниясының жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті.

NBC ақпараты бойынша, оқиға жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 7:20-да орын алды. Бастапқыда бірнеше вагонның өзенге түсіп кеткені туралы хабарланған болатын, одан кейін бұл ақпарат жоққа шығарылды. Қалалық өрт сөндіру бөлімі өкілінің мәліметтері бойынша, бес вагон рельстен шығып, жыраға құлап кетті, бір вагон суға түсіп кете жаздады - деп хабарлады baq.kz

PzFeed телеарнасының ақпараты бойынша, апат салдарынан төрт адам қаза болды, кем дегенде 45 адам жарақат алды. Болжам бойынша, пойыздың тежеуіші жұмыс істемей қалған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!