Мысырда жаңа конституцияның жобасы бекітілді

Фотография - Мысырда жаңа конституцияның жобасы бекітілді

 Мысырдың жаңа конституциясының жобасы бекітілді. Бұл қадам биылғы шілдеде президент Мухаммед Мурсиді тақтан тайдырған әскерилердің демократиялық қайта құру тұрғысындағы уәдесінің бірінші кезеңі деп аталуда

168 0

 Мысырдың жаңа конституциясының жобасы бекітілді. Бұл қадам биылғы шілдеде президент Мухаммед Мурсиді тақтан тайдырған әскерилердің демократиялық қайта құру тұрғысындағы уәдесінің бірінші кезеңі деп аталуда - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Негізгі заңға өзгерістер енгізу бойынша комиссияның жетекшісі Амр Мұсаның айтуынша, конституция жобасы 247 баптан тұрады. Жақын арада ол Мысырдың уақытша басшысы Адли Мансұрдың мақұлдауына тапсырылады, содан кейін жалпыхалықтық референдумға шығарылмақ.

Аталған құжатта конституция референдумда бекітілгеннен соң алты айдан кейін елде сайлау өткізілетіні қарастырылған. Сонымен қатар комиссия мүшелерінің басым бөлігі елде алдымен президенттік, содан кейін парламенттік сайлауды өткізуге дауыс берді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!