Нетаньяху Рим Папасын Израильге шақырды

Фотография - Нетаньяху Рим Папасын Израильге шақырды

Рим Папасы Франциск кеше Ватиканда Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуды қабылдап, оны Таяу Шығыста тұрақты бейбітшілік орнату ісіне ықпал етуге шақырды

141 0

Рим Папасы Франциск кеше Ватиканда Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуды қабылдап, оны Таяу Шығыста тұрақты бейбітшілік орнату ісіне ықпал етуге шақырды.

Ватиканның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Франциск пен Нетаньяху израиль-палестин келіссөздері қайта жанданып жатқан кездегі "күрделі саяси және әлеуметтік жағдайды" талқылаған.

Израиль премьері Рим Папасын Израильге келіп кетуге шақырды. Бірақ сапар мерзімі айтылмады.

Римде Нетаньяху Италия премьер-министрі Энрико Леттамен де кездесті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!